Қаз Рус   



   компания
  • Жаңалықтар
  • Компания туралы
  • Құжаттар
  • Байланысу

  • Жаңалықтар

    2014-11-26

    Компанияны қайта тіркеу!

    Компания Абоненттерге 1Гбит/с (секундына гигабит), кейбір жағдайдарда 10Гбит/с жылдамдықта интернет ұсынуға техникалық мүмкіндікке қол жеткізуіне байланысты ребрендинг жасауға шешім қабылдады. Біз компания атын “Intelsoft Kazakstan LTD” ЖШС-нен “1-gigabit” ЖШС-не ауыстырып және “Бірінші гигабиттік” сауда белгісін қолданатындығын хабарлаймыз.

    Бізге сенім білдірген және бізбен бірге болған барлық клиенттерге рахмет. Біз сапа деңгейін кезекті рет көтеріп отырмыз. Енді, кез келген Абонент 1Гбит/с жылдамдық алуға лайықты. Біз әрмен қарай да техникалық жетістіктердің жоғарғы талабына сай болуға тырысамыз.


    2014-11-07

    Жеке кабинет қолжетімділігі кеңейтілді

    Жеке кабинет клиентерге қолайлы болу үшін енді басқа да провайдерлердің желілерінен қолжетімді. Логин ретінде шарт номерін қолдану қажет. Құпия сөздер өзгеріссіз қалды.


    2014-09-29

    Қосылу жылдамдығын ұлғайту

    Құрылғыларды жаңартудың нәтижесінде Абоненттерді 1 Гбит/с, ал кейбір тораптарда 10 Гбит/с жылдамдықпен қосу мүмкіндігі пайда болды. Осыған байланысты "Қызмет көрсетудің жалпы, техникалық және арнайы талаптарына" өзгерістер енгізілді. Ол үшін Абонент құрылғысының SFP немесе SFP+ порттары бар болуы керек. 1Гбит/с жылдамдығы үшін Абонентте WDM трансивері Tx1310/Rx1490, ал 10Гбит/c жылдамдығы үшін Tx1270/Rx1330 болу керек. Тарифтерге жаңа жылдамдықтарға сәйкес қызметтер қосылды.


    2012-06-12

    Құрметті Абоненттер!

      Сіздерді мегабайтына 0,37 теңгеге дейінгі алғашқы бағаны төмендету айналымының аяқталуымен құттықтаймыз. Бізге сенім артып, бізбен бірге болғандарыңызға рахмет.

      Қазіргі уақытта Провайдер тарапынан өзінің көрсетілетін қызмет сапасын және де, бәрінен бұрын каналдардың өткізу қабілеттігін жоғарғы деңгейде сақтай отырып, тарифтік саясатын одан ары коммерциялық тартымды ету мақсатында дәйекті түрде шаралар қолданылуда.

      Жақын келешекте Провайдер өз қызметтерінің тарифтерінің төмендеуінің екінші айналымын жоспарлауда. "Интернет" желісіне сапалы деңгейде қол жеткізуді кең ауқымдағы заңды және жеке тұлғаларға ұсыну Провайдердің басты мақсаттарының бірі болып табылады.

      Осылайша, Провайдер өз қызметтерінің тарифтерін Сіздерге кезеңді түрде келесі реттегі көлемдерде ұсына алады:

    1. 1 Мбайт үшін 0,29 теңге.
    2. 1 Мбайт үшін 0,23 теңге.
    3. 1 Мбайт үшін 0,18 теңге.
    4. 1 Мбайт үшін 0,14 теңге.
    5. 1 Мбайт үшін 0,11 теңге.
    6. 1 Мбайт үшін 0,08 теңге.
    7. 1 Мбайт үшін 0,05 теңге.
      Провайдердің қызметтерінің тарифтерінің 2004 жылдан бергі төмендеу динамикасын көрсету үшін Сіздердің назарларыңызға төмендегі салыстырмалы кестені ұсынады:



      Біз өзара тиімділік пен түсіністік рухында ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа шынымен де үміттіміз!